Байланыс: +7(7292) 34 98 03

info@example.com

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы

Анықтама

         Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте» 2024-2025 оқу жылының басында оқущылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып, ыстық тамақ берілетін оқушыларының тізімі бекітілді.

         Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» бойынша 2024-2025 оқу жылының I тоқсанында 1-4 сынып оқушылары және жалпыға бірдей білім беру қорынан 5-11 сынып оқушыларынан 33 оқушы бір уақыт ыстық тамақпен қамтылып отыр. Нақталай айта кететін болсақ,

1-аусымның 1-кезеңі 09:15-те 1 сыныптар, 213 оқушы

1-аусымның   2-кезеңі 11:20-да  4,5,8,9,10,11 сыныптар, 251 оқушы

2-аусымның 1-кезеңі 14:55-да 2 сыныптар, 222 оқушы

2-аусымның 2-кезеңі 16:00-те  3,6,7 сыныптар, 234оқушы

Оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру перспективалық мәзірге (қыс-көктем, жаз-күз) сәйкес жүзеге асырылады. Перспективалық мәзірге сәйкес күнделікті мәзір құрылып, мектеп директорымен бекітіледі. Оқушылардың уақытылы тамақтанып, сабақтарына үлгеруі үшін тамақтану кестесі және тамақтану барысында тәртіп сақтауы үшін әкімшілік тарапынан және сынып жетекшілер тарапынан кезекшілік құрылған.

    Оқушылардың қол жуатын жері ұйымдастырылған. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киімі санитарлық талапқа сай. Мектеп асханасы жұмысының ұйымдастырылуын тексеру барысында асхана мен ас блогына күнделікті ас мәзірі бойынша дайындалған тағамдар мен ұсынылатын өнімдер сертификаттарының сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Сақтау шарттары мен мерзімдері және жеке гигиенаны бақылау және қажетті тексерулерден уақтылы өті;

Күн сайын тамақтану залында ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі. Дайын өнімнің сапасына және тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау жүйелі түрде жүргізіледі.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар)
мониторингті жүзеге асыруы бойынша
ұсынымдар

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актсі

28.08.2024 мониторинг

13.06.2024 мониторинг