«Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сіне Фонд «Zayed Charitable & Humanitarian Foundation» қайырымдылық қорының қолдауымен мектептің әлеуметтік жағынан осал 27 отбасыларға азық-түлік таратылды. Олар – көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедек азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, шәй және т.б.

