Байланыс: +7(7292) 34 98 03

info@example.com

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

🟢 Түсіндірме жұмыс

Бір реттік тамақтандырумен қамтылған білім алушыларға және ата-аналарға арналған ұсынымдар, чек-парақтар мен видео-түсіндірмелер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу: “Ас-адамның арқауы”, “Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі”
Құндылық: Заң және тәртіп

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

“Ас – адамның арқауы” деген халқымыздың даналығы бекер айтылмаған. Адам ағзасының дұрыс дамуы, денсаулығының мықты болуы – ең алдымен дұрыс тамақтануға байланысты. Дұрыс тамақтану – бұл тек қарын тойдыру емес, ағзаға қажетті дәрумендер мен пайдалы заттарды тең мөлшерде қабылдау.

Балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Себебі олар өсіп келе жатқан ағза иелері. Күнделікті ас мәзірінде:
• көкөністер мен жемістер
• сүт өнімдері
• ет, балық тағамдары
• дәнді дақылдар болуы тиіс

Сонымен қатар, фаст-фуд, газдалған сусындар, тәттілерді шамадан тыс пайдалану денсаулыққа зиян екенін ұмытпауымыз керек.

Ата-аналарға айтарымыз:
• Баланың күнделікті ас мәзірін қадағалаңыз
• Таңғы асты міндетті түрде ішуді әдетке айналдырыңыз
• Үйде пайдалы әрі табиғи тағамдар дайындауға көңіл бөліңіз

Оқушыларға кеңес:
• Тамақты уақытылы ішіңіз
• Таңғы асты өткізіп алмаңыз
• Көп су ішуді ұмытпаңыз
• Дұрыс тамақтану – сіздің болашағыңыздың кепілі екенін есте сақтаңыз

Дұрыс тамақтану – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы. Денсаулық – ең үлкен байлық, сондықтан оны жастайымыздан күтейік!